Мен сені жай ғана сағындым
Мына ойлардан келеді арылғым
Бәлкім ақын емеспін жыр жазар
Бірақ сені ойлап шабытты шақырдым
Күлесің, шаттанасың сен ақылдым
Сен барда не ол айтшы қайғы-мұң?
Сұлу деген айдың өзі саған қарап
Шегіп қалады шылымын ақырын
Ай ай ай айналайын ақылдым
Ай ай ай айтшы не ол қайғы мұң?
Ай ай ай саған қарап ай, күнің
Шылым шегіп қалады ақырын
Қиялым жеткен жерге өзімде жетермін
Саған қолым жетпесе де, сен деп өтермін
Жылармын бәлкім, жымиып тұрып күлермін
Не болсада өтіп кетер келер түн мен күн
Неге саған оңай болып бәрі көрінді?
Әлде өзіңе сай басқа жігіт көрдің бе?
Солай болса енді көздеріме көрінбе, көрінбе
Ай ай ай айналайын ақылдым
Ай ай ай айтшы не ол қайғы мұң?
Ай ай ай саған қарап ай, күнің
Шылым шегіп қалады ақырын